Жапонияның Саппоро қаласында мұз мүсіндер фестивалі басталды
Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында 69-шы мұз мүсіндер фестивалі басталды. Ол елдің атақты манга суретшісі Осаму Тэдзуканың 90 жылдық мерейтойына арналып отыр. Қонақтар қар мен мұздан жасалған 110-нан астам өнер туындысын тамашалай алады. Солардың арасында Жапония мен Швецияның 150 жылдық достығының құрметіне тұрғызылған Әулие Николай шіркеуі мен алып Якусидзи храмының көшірмелері бар. Фестиваль барысында Австралия, Индонезия, Қытай, Финляндия және тағы басқан елдерден жиналған 12 топ арасында мұз мүсіндер байқауы өтеді.
Жапония үшін дәстүрге айналған бұл мейрам 1950 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл әлемнің түкпір-түкпірінен 2,5 млн қонақ баруы мүмкін.
Томирис АБИШЕВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында үстел теннисінен ашық республикалық турнир өтті
20.08.2026, 10:15
Қызылордада оқушылар шекара заставасымен танысты
20.08.2026, 10:13
Түркі әлемінің археологтары бірыңғай цифрлық база құрады
20.08.2026, 10:12
Бүгіннен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
20.08.2026, 10:09
ЖИ бағытында даярланатын мамандардың саны артады
20.08.2026, 10:07
Қытайда гуманоид роботтар жол полициясына жәрдемдесіп жүр
20.08.2026, 10:05
Мәскеуде жанармай саудасына шектеу қойылды
20.08.2026, 10:04
Құрама штаттардың мемлекеттік қарызы 40 трлн доллардан асты
20.08.2026, 10:03