Аляскада жер сілкініп, цунами қауіп төндіруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аляскада жер сілкініп, цунами қауіп төндіруде

24.01.2018

АҚШ-тың Аляска штатында 8,2 баллдық жер сілкінісі болып, адамдар жаппай эвакуацияланып жатыр. Дүмпу ошағы штаттағы жағажайдан 280 шақырым қашықтықта тіркелген. Соңғы мәліметтерге қарағанда, елге енді цунами қаупі төніп тұр. Теңіз толқындарының биіктігі 13 метрге жеткен. Ең үлкен қауіп төнген жер 6100 тұрғыны бар Кадьяк аймағы болды. Жергілікті билік жағажайларға жақын орналасқан бірнеше аудан тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді. Метеорология қызметінің болжамдарына сүйенсек, цунами Аляскада болып, Канада жақта қайталануы ықтимал.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу