Солтүстік Ирландияда қалың қар салдарынан 280 мектеп жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Ирландияда қалың қар салдарынан 280 мектеп жабылды

18.01.2018

Солтүстік Ирландияны қалың қар басып, 280 мектеп дәріс беруді доғарды. Соңғы деректерге қарағанда, Шотландияда мыңдаған көлік магистральдарда тұрып қалған. Жергілікті метеорология қызметі алдағы күндері ауа райы күрт нашарлауы мүмкін деп отыр. Ал, ескерту дәрежесі «сары» түске дейін жетті. Яғни, тұрғындар синоптиктердің ауа райы болжамын бақылап, сақ болуы тиіс. Мектепке бара алмай қалған балалар далада шанамен сырғанақ ойнап, аққала жасап, көңіл көтерудің амалын тапты. Қиындықтарға қарамастан, британдықтар күнде бола бермейтін қыстың ерекше көрінісін тамашалап, серуендеуге көшті.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу