АҚШ-тың солтүстік шығысын су басу қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың солтүстік шығысын су басу қаупі бар

23.11.2014
АҚШ-тың солтүстік шығысын су басу қаупі бар

АҚШ-тың солтүстік батысында бірнеше күн бойы жауған қалың қардан кейін (1 тәулікте жарты метрге дейін) метеорологтар қар еріген жағдайда, су тасқыны болуы мүмкін екендігін ескертеді.

Нью-Йорк штатының билігі қардың соңы нөсер жауынға ұласқан кезде кейбір үйлердің құлау қаупі бар екенін  айтты.

BBC хабарлағандай, үйлердің шатырын қалың қар басқан. Ал, жаңбыр оны ауырлата түседі. Салдарынан шатыр опырылып түсуі мүмкін.

Соңғы деректерге сүйенсек, мөлшерден тыс қардың жаууынан 13 адам қаза тапқан. Олардың көпшілігі қар тазалап жүріп, жүрек талмасынан қаза тапқан. 

Хабарламаларға жазылу