Солтүстік Ирландияда қалың қар салдарынан 280 мектеп жабылды
Солтүстік Ирландияны қалың қар басып, 280 мектеп дәріс беруді доғарды. Соңғы деректерге қарағанда, Шотландияда мыңдаған көлік магистральдарда тұрып қалған. Жергілікті метеорология қызметі алдағы күндері ауа райы күрт нашарлауы мүмкін деп отыр. Ал, ескерту дәрежесі «сары» түске дейін жетті. Яғни, тұрғындар синоптиктердің ауа райы болжамын бақылап, сақ болуы тиіс. Мектепке бара алмай қалған балалар далада шанамен сырғанақ ойнап, аққала жасап, көңіл көтерудің амалын тапты. Қиындықтарға қарамастан, британдықтар күнде бола бермейтін қыстың ерекше көрінісін тамашалап, серуендеуге көшті.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында үстел теннисінен ашық республикалық турнир өтті
20.08.2026, 10:15
Қызылордада оқушылар шекара заставасымен танысты
20.08.2026, 10:13
Түркі әлемінің археологтары бірыңғай цифрлық база құрады
20.08.2026, 10:12
Бүгіннен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
20.08.2026, 10:09
ЖИ бағытында даярланатын мамандардың саны артады
20.08.2026, 10:07
Қытайда гуманоид роботтар жол полициясына жәрдемдесіп жүр
20.08.2026, 10:05
Мәскеуде жанармай саудасына шектеу қойылды
20.08.2026, 10:04
Құрама штаттардың мемлекеттік қарызы 40 трлн доллардан асты
20.08.2026, 10:03