Жапонияда адам денсаулығын анықтайтын смартфон қосымшасы жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда адам денсаулығын анықтайтын смартфон қосымшасы жасалды

16.01.2018

Жапонияның «Хитачи» компаниясы адамның жүзіне қарап, денсаулығын анықтайтын смартфон қосымшасын жасады. Жоспар бойынша бұл жұмыс берушінің қызметкерлерінің белсенділігін арттыруға жәрдемдеседі. MyLifePal атты жоба диета ұстау немесе қандай бет бояулар таңдау керектігі жайлы да кеңестер береді. Дегенмен, оның негізгі ерекшелігі адамды танумен қатар, оның бетінің реңі арқылы тамыр ырғағы мен күйзелу деңгейін анықтап береді. Бұл үстеме егер сіздің жүйкеңіз тозған жағдайда одан сауығудың арнайы тәсілдерін ұсынады. Мәселен, есеңгіреп жүрсеңіз, қолыңызға хош иісті крем жағу сияқты кеңес беріледі екен.

Қазір «Хитачи» компаниясы бұл қосымшаны өз қызметкерлеріне сынап көріп жатыр. Келешекте ол тарап, басқа да адамдарға қолжетімді болуы тиіс.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу