Джакартада биржа ғимараты құлап, 77 адам жараланды
Индонезия астанасы Джакартада биржа ғимаратының екінші қабатының төбесі құлап, кемінде 77 адам жараланып аурухаға түсті. Олардың қатарында студенттер де бар.
Соңғы деректер бойынша, оқиға акциялар саудасы тоқтап, үзіліс кезінде болған. Қауіпсіздік мақсатында қызметкерлер жаппай эвакуацияланды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, жақын маңдағы «Starbucks» кофеханасына да қауіп төнген. Полицияның сөзінше, апатқа жарылыс себеп болуы мүмкін емес.
32 қабатты ғимарат 1990 жылы салынған екен. Екі биік мұнарадан тұратын бұл үйде Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясының кеңселері орналасқан.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
150 мың SMS жіберген алаяқтар ұсталды
20.08.2026, 13:00
Ақмола облысында үстел теннисінен ашық республикалық турнир өтті
20.08.2026, 10:15
Қызылордада оқушылар шекара заставасымен танысты
20.08.2026, 10:13
Түркі әлемінің археологтары бірыңғай цифрлық база құрады
20.08.2026, 10:12
Бүгіннен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
20.08.2026, 10:09
ЖИ бағытында даярланатын мамандардың саны артады
20.08.2026, 10:07
Мәскеуде жанармай саудасына шектеу қойылды
20.08.2026, 10:04
Құрама штаттардың мемлекеттік қарызы 40 трлн доллардан асты
20.08.2026, 10:03