БАӘ-де түйелерге арналған аурухана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАӘ-де түйелерге арналған аурухана ашылды

15.12.2017

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында түйелерге арналған әлемдегі алғашқы заманауи аурухана ашылды. 11 миллион доллардай қаражат жұмсалған бұл мекеме өткен аптада жұмыс істей бастады. Жануарлар ауруханасында операция жасауға арналған орын және рентген бөлмесі бар. Сонымен бірге, мұнда Үндістан, Ұлыбритания, Испания және Мексикадан арнайы келген дәрігерлер жұмыс істейді. Алдағы уақытта аурухана жетекшілігі мекемені МРТ және компьютерлік томографиямен жабдықтауды жоспарлап отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу