Шығыс Қазақстан облысында жаңа аурухана ашылды

27.08.2014
Шығыс Қазақстан облысында жаңа аурухана ашылды

Шығыс Қазақстандағы Глубокое ауданының тұрғындары бұдан былай басы ауырып, балтыры сыздаса басқа жаққа сабылмайды. Себебі Глубокое кентінде жаңа аурухана ашылды. Естеріңізде болса, осыдан 2 жыл бұрын аудан орталығындағы медициналық мекеме апаттық жағдайда деп танылған.

40 жыл бұрын салынған ғимараттың қабырғасындағы жарықтар жыл сайын ұлғайып, соңында емделушілер шұғыл түрде басқа ауруханаларға көшілірген де еді. Енді ескі ғимараттың орнында қазіргі заманға сай көпсалалы медициналық кешен бой көтерді.

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу