Атырауда жылына 30 млн маска шығаратын кәсіпорын іске қосылды

30.11.2020

Атырауда жылына 30 миллион дана маска шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Алғашқы тауар сатылымға 10 желтоқсаннан кейін шығады. Мекемеде 35 жұмысшы істейді. Бірреттік бетперделер тоқылмаған үш қабатты арнайы материалдан жасалады. Медициналық маскалар келешекте еліміздің барлық аймағына жөнелтілмек. Алдағы уақытта балаларға арналған маскалар да шығарылады. 

Нұролла Жантумин, мекеме қызметкері:
Егерде болашақта сұраныс болатын болса, өндірістік жылдық қуатын күшейтіп, сұранысты толық қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз бар.

Сондай-ақ осы Атырау облысындағы 60 мыңға жуық халқы бар Құрманғазы ауданында 75 орынға арналған жаңа аурухана ашылды. Ғимаратта операция жасау палаталары, реанимация, хирургия, терапия, рентген бөлмелері бар. Аурухана арнайы диагностикалық зертханамен де жабдықталған.

Жандос Темірғали

Атырау маска кәсіпорын

Хабарламаларға жазылу