БАӘ-де түйелер клондалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАӘ-де түйелер клондалып жатыр

26.05.2023

Біріккен Араб Әмірліктерінде жылына ондаған түйе клондау әдісімен өмірге келеді. Ол үшін сойылған түйелердің аналық безінен алынған жұмыртқа мен ДНК қолданылады. Жүйрік әрі көрікті түйелердің жасушалары таңдап алынады. Өйткені жасанды жолмен өмірге келген боталар келешекте жарыста топ жарып, сұлулық байқауларына қатысып, иесіне мол табыс әкелуі керек. Айта кетейік, әлем бойынша алғаш рет колндалған түйе дәл осы елде 2009 жылы пайда болды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу