Израильде БАӘ елшілігі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде БАӘ елшілігі ашылды

14.07.2021

Израильде Біріккен Араб Әмірліктерінің елшілігі ашылды. Парсы шығанағы елінің дипломатиялық өкілдігі Тель-Авивтегі Израиль қор биржасы орналасқан ғимаратта жұмыс істейді. Ал, биыл маусымда еврей мемлекетінің елшілігі Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде ашылған еді. Айта кетері, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар АҚШ-тың ара ағайындығымен осыдан бір жыл бұрын орнады. Құрама Штаттардың сол кездегі президенті Дональд Трамптың қатысуымен Израиль, Марокко және Судан мемлекеттерімен де қарым-қатынасты жақсарту туралы келісімдерге қол қойған. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу