Сауд Арабиясында коррупциямен күрес науқаны аясында тұтқындалғандар саны 200-ден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясында коррупциямен күрес науқаны аясында тұтқындалғандар саны 200-ден асты

10.11.2017

Корольдіктің бас прокурорының сөзінше, олар өткен аптада ұсталған және тергеу «тез» жүріп жатыр. Қамалғандардың ішінде миллиардер әл-Уәлид бин Талал тәрізді 11 ханзада бар. Бұған қоса, ондаған жылдар бойы мемлекеттік қазынадан 100 миллиард доллардай қаражаттың талан-таражға салынғаны анықталып отыр.

Саяси сарапшылардың пікірінше, Саудияда сыбайлас жемқорлықпен күрес тақ мұрагері Мұхамед бин Салманның бақталастарын жойып, бар билікті өз қолына шоғырландыру ниетімен байланысты. Тағы бір пікірлерге қарағанда, Корольдіктің Иранмен арада күшейе түскен шиеленісі ханзаданың сыртқы дұшпандарына  қарсы күресті де  өршіткенін көрсетіп отыр. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу