Суданнан шетелдіктер де көшіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суданнан шетелдіктер де көшіріліп жатыр

02.05.2023

Қарулы қақтығыс өршіген Суданнан тек қазақстандықтар ғана емес, шетел азаматтары да көшіріліп жатыр. Бүгін Ресей 200-ден астам адамды эвакуациялаған. Қытай да 140 азаматын Сауд Арабиясы арқылы еліне қайтарды. Ал БҰҰ-ның мәліметінше, Суданнан қашқандар саны 800 мыңнан асуы мүмкін. Олар көршілес елдерге бас сауғалауға мәжбүр. Суданда үкімет армиясы мен жедел қолдау күштері арасындағы билік үшін шайқас сәуірдің 15-і күні басталды. Содан бері 500-ден астам адам қаза тауып, мыңдағаны жараланған. Қақтығыс күллі аймақты тұрақсыздандырып, гуманитарлық дағдарысқа апаруы мүмкін.

Ольга Саррадо, БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары кеңсесінің өкілі:

Суданнан көршілес елдерге барған босқындар саны 100 мыңнан асты. Олардың саны 800 мыңнан да көп болуы мүмкін. Қақтығыс күллі аймаққа тұрақсыздық әкеледі деген қауіп те жоқ емес. Тараптардың басын қосып, жанжалды реттеудің жолын табу маңызды.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу