Филиппин аралдарында «Раи» дауылы құрбандарының саны 200-ден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппин аралдарында «Раи» дауылы құрбандарының саны 200-ден асты

20.12.2021

Филиппин аралдарында «Раи» дауылынан қаза тапқандар саны 208-ге жетті. «ВВС»-дің мәліметінше, табиғи апат кезінде кемінде 239 адам жараланған. Тағы 52 тұрғын із-түссіз жоғалып кетті. Бұған қоса, тасқын мен сел жүрген кезде жапа шеккендердің нақты саны белгісіз. Дауылдан зардап шеккен аудандармен байланысты қайта орнату мүмкін болмай жатыр. Сол себепті билік құрбандардың саны әлі де өсуі мүмкін деп мәлімдеді. Сағатына 195 шақырым жылдамдықпен соққан желден елдің оңтүстік-шығысындағы аралдар орасан зардап шекті. 300 мыңдай тұрғын өз үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болған. Үйлер, ауруханалар, мектептер мен өзге де ғимараттар қираған. Іздеу-құтқару жұмыстарына мыңдаған әскери, жағалау күзеті қызметкерлері мен өрт сөндірушілер тартылды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу