АҚШ-та шіркеуде атыс болып, 26 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та шіркеуде атыс болып, 26 адам қаза тапты

06.11.2017

АҚШ-тың Техас штатындағы шіркеуде атыс болып, 26 адам қаза тапты. Тағы 20-сы жараланып, ауруханаларға жеткізілді. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, оқиға Сан-Антонио қаласының маңында болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, шабуыл жасаған ақ нәсілді қарулы адам шіркеуге келген тұрғындарға оқ жаудырған. Құрбан болғандардың қатарында балалар да бар.Соңғы келіп түскен деректерге жүгінсек, америкалық ақпарат көздерінің болжамы бойынша шабуылшы 20 жастағы Дэвин Патрик Келли болуы мүмкін. Ол атыс барысында мерт болды.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу