АҚШ-тағы Канзас-Ситиде болған атыстан 21 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тағы Канзас-Ситиде болған атыстан 21 адам зардап шекті

15.02.2024

АҚШ-тың Миссури штатындағы Канзас-Ситиде атыс болып, 1 адам қаза тапты. 21 адам жараланған. Зардап шеккендердің 11-і  6 жастағы балалар. Қантөгіске қатысы бар деген күдікпен 3 адам ұсталып, тергеуге алынды. Атыс Солтүстік Америка ұлттық футбол лигасының соңғы ойыны «Супербоул» жеңіпаздарының құрметіне арналған шеру кезінде болған. Іс-шараға өте көп адам жиналды. Әзірге күдіктілердің атысқа неліктен барғаны белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу