АҚШ-тың Калифорния штатында тағы атыс болып, 7 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Калифорния штатында тағы атыс болып, 7 адам қаза тапты

24.01.2023

АҚШ-тың Калифорния штатында тағы атыс болып, 7 адам қаза тапты. Сан-Францискодан 30 шақырым жердегі саңырауқұлақ фермасында 4 тұрғынның, автосервистен үш адамның мәйіті табылды.

Оқиғаға байланысты 67 жастағы жергілікті азамат тұтқындалды. Оның ауыр қылмысқа неліктен барғаны тергеліп жатыр.

Айта кетсек, екі күн бұрын осы штаттың Монтерей парк қаласында мыңдаған адам Қытай жаңа жылын тойлауға жиналғанда оқ атылып, 11 адам мерт болған еді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу