Израильде жүздеген мың бірқазанға азық берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде жүздеген мың бірқазанға азық берілді

25.10.2017

Қара Теңізден Африкаға барар жолда аялдаған жүздеген мың бірқазанға Израиль қонақжайлылық танытты. Мұнда құстарға орталық су резервуарында балық берілді. Қайырымдылық шарасын Израиль ауыл шаруашылық министрлігі қаржыландырып отыр.

Жалпы, қанаттылардың Израиль арқылы Қара құрлыққа көшіп бара жатқанына 3 айдай уақыт болды. Осы мерзім ішінде 400 мыңдай бірқазан ұшып өткен. Олардың әр тобына 3 ай бойы аптасына үш-төрт мәрте 6 тоннадан балық берілген.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу