Израильде жүздеген адам полициямен қақтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде жүздеген адам полициямен қақтығысты

28.02.2023

Израильде жүздеген адам наразылық акциясына шығып, полициямен қақтығысты. Олар Батыс жағалауда зорлық-зомбылықты және Израильдің оккупциясын тоқтатуды талап еткен. Акцияны «Бірге» тобы ұйымдастырды. Демонстранттардың сөзінше, үкіметтің қолдауына сүйенген экстремистік топтардың әрекетінен елде қантөгіс жалғасып, шиеленіс өрши түскен. Палестина өкілдерінің мәліметінше, жыл басынан бері Израиль күштерінің қолынан 63 палестиналық қаза тапқан. Ал Израиль болса, қарсы тараптың шабуылдарынан 13 адам опат болды деп мәлімдеді.

Ури Уелтманн, шеруге қатысушы:
Күллі Израиль аумағында, Тель-Авивте біз Батыс Жағалауда жасалған жантүршігерлік погромға наразылық білдіру үшін көшеге шықтық. Оккупацияны тоқтатып, Израиль-Палестина бейбітшілігіне қарай ілгерілеу керек.
Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу