Сычуань провинциясына қалың қар жауды

23.10.2017

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясын қалың қар басты. Бұл өңірге жауған алғашқы қар. Толассыз жауған ұлпаға қарамастан, бұл жерге туристер ағылып келіп жатыр. Олар аппақ қарға қуанып, ұялы телефондарына суретке түсіп әлек. Көлдің беті де ақ көрпе жамылғандай тамаша көрініс тапты. Туристердің айтуынша, олар күн райының суықтығына қарамастан, қалың қарға өте қуанышты. Көптен күткен ақ ұлпаға мәз болған халық көшеде серуендеп көңіл көтеруде.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу