Алматыда қалың қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қалың қар жауды

22.04.2021

Алматыда қалыңдығы 8 сантиметр қар жауып, тұрғындарды әбігерге салды. Осыған орай қалалық Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жолда абай болуға шақыруды. 

Нұрхан Нұрланұлы, тілші:
Қалада осыдан екі күн бұрын ғана күн жарқырап тұр еді. Алайда кешелі бері күн суып, түннен бері ақ ұлпа жапалақтап жауып тұр. Мамандардың сөзінше, қардың қалыңдығы 6-8 сантиметр, ал қаланың жоғарғы бөлігінде 12 сантиметрге дейін жеткен. Сондықтан, төтеншеліктер таулы аймақтарда қар көшкіні жүруі мүмкін екендігін ескертуде. Дегенмен шаһардағы ахуал тұрақты. Кептеліс пен жол көлік оқиғалары жоқтың қасы деуге болады. Полицейлер, әсіресе, жүргізушілерді әлі де жолда сақ болуға шақыруда. Себебі көлігі барлардың көпшілігі күн жылығанда жазғы дөңгелекке ауысқан болатын. Жалпы, қала бойынша мыңға жуық маман халық көп жүретін аймақтарды тазалап жатыр. Ал Қазгидромет мамандары жауын мен қар бүгін түске дейін тоқтап, ертеңнен бастап күн қайта жылитынын айтты.
Алматы қар

Хабарламаларға жазылу