Алматыға қалың қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыға қалың қар жауды

27.12.2021

Алматыға қалың қар жауды. Түнгі сағат екілер шамасында басталған ақ ұлпаның қалыңдығы бірнеше сантимерге жеткен .

Көктайғақтың алдын алу мақсатында көшелерге 1300 тоннадай құм мен тұз қоспасы себілді. Қар тазарту жұмыстарына 500-ден астам техника мен 1300-ден аса адам жұмылдырылды.

Мегаполис көшелері мен жаяу жүргіншілер жолы, аялдамалардың аумағы қардан тазартылып жатыр. Шаһардың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеуше көшкен. «Казгидрометтің» болжамы бойынша толассыз жауып жатқан ақ ұлпа түстен кейін тоқтауы мүмкін. Ауа температурасы күндіз -2 градусқа дейін төмендейді.


Хабарламаларға жазылу