Жапонияда қалың қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда қалың қар жауды

27.12.2021

Жапонияның солтүстік және батыс бөліктерінде қалың қар жауды. Жолда көлік қатынасы қиындап, 100-ден астам ішкі ұшақ рейстері шегерілді. Бұл мыңдаған жолаушының жаңажылдық саяхаттау жоспарына кедергі келтіріп отыр.

«Рейтердің» мәліметінше, елдің кейбір префектураларында 90 сантиметрдей қар жауған. Ауа райын бақылаушылардың болжамынша, қар көшкіні жүруі мүмкін. Осыған орай билік тұрғындарға мейілінше үйден шықпау қажеттігін ескертті.

Арай Төлегенқызы


Жапония

Хабарламаларға жазылу