Амазон өзеніне 1 миллиондай тасбақа жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Амазон өзеніне 1 миллиондай тасбақа жіберілді

08.12.2021

Боливия мен Бразилия шекарасындағы Амазон өзеніне 1 миллион тасбақа жіберілді. Олар әуелде климаттың жылынуы мен адамдардың әрекетінен қауіп төнген ұяларынан жиналып, арнайы орталыққа жеткізілген. Сол жерде өсіп-өнгеннен кейін экологтар оларды енді табиғат аясына қайтарып жатыр.

Бұл тасбақалар ерекше бақылауда. Өйткені бүгінде олардың еті мен жұмыртқасына сұраныс жоғары болып тұр.

Арыстан Рысбек


Амазон тасбақа

Хабарламаларға жазылу