Малайзия астанасында табиғатта өте сирек кездесетін 330 тасбақа тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзия астанасында табиғатта өте сирек кездесетін 330 тасбақа тәркіленді

16.05.2017

Малайзия астанасында табиғатта өте сирек кездесетін 330 тасбақа тәркіленді.  Халықаралық Қызыл кітапқа енген бауырымен жорғалаушылар Куала-Лумпур әуежайынан табылған. Оларды белгісіз біреулер 5 чемоданға жасырып, Мадагаскарға алып өтпек болған. Бағалы жануарлардың құны 280 мыңнан астам долларға бағаланып отыр. Жеңсік асқа айналудан аман қалған тасбақалар жергілікті зообаққа жіберілді.   

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу