Жерорта теңізі жағалауында жер сілкінісінен ондаған адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жерорта теңізі жағалауында жер сілкінісінен ондаған адам жараланды

21.07.2017

Түркияның Апат және төтенше жағдай басқармасының мәліметінше, мұнда зілзала қуаты 6,3 баллға жеткен. Оның эпицентрі Джамлик ауылының маңынан анықталды.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Түркияда түнде халық үйлерін тастап далаға қашқанда, 70-ке жуық адам жараланып госпитальге жеткізілген. Сонымен қатар, Бодрум маңында цунами көтерілгенде 60 шақты қайық зақымданды.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу