Ауғанстанда қуаты 7,5 балдық зілзала болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда қуаты 7,5 балдық зілзала болды

26.10.2015
Ауғанстанда қуаты 7,5 балдық зілзала болды
Ауғанстан мен Пәкістанды қуаты 7,5 балдық зілзала дүр сілкіндірді.

Дүмпу көршілес Үндістанда да сезілген. Табиғи апаттың ошағы Ауғанстанның Файзабад қаласынан 73 шақырым қашықтықта 196 шақырым тереңдікте анықталды.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісінен Пәкістан мен Ауғанстанда 53 адам қаза тапқан. Тағы ондаған тұрғын жараланды. Зардап шеккендердің нақты саны әзірге белгісіз.

Үндістанның Джамму және Кашмир штатында жер 1 минуттай теңселіп, ғимараттарға зақым келіп, электр жарығы өшкен. Ал, жергілікті тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу