Иранда жер сілкінісінен 345 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда жер сілкінісінен 345 адам жараланды

08.11.2019

Иранда жер сілкінісінен зардап шеккендер көбейіп келеді. Соңғы мәліметке қарағанда, 6 адам қаза тауып, 345-і жараланған. Табиғи апат болған аудандарға құтқарушылар мен тікұшақтар жіберілді.

АҚШ-тың Геологиялық бақылау агенттігінің мәліметінше, қуаты 5,8 баллдық зілзала ошағы Ардебиль қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 83 шақырым жерде анықталды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, дүмпу басталғанда қатты үрейленген халық түн ортасында үйлерін тастап жаппай далаға қашқан. Ал Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының дерегінше, жердің тербелгенін 20 миллиондай адам сезінді.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу