Түркияда орман өрті басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда орман өрті басталды

22.06.2022

Түркияның оңтүстік-батысында да орман өрті бастады.

Жергілікті тұрғындар Жерорта мен Эгей теңізі жағалауында былтырғыдай ондаған мың гектар аумақ күлге айнала ма деп қауіптеніп отыр. Жасыл желектің неден отқа оранғаны белгісіз. Бірақ, «Анадолы» агенттігінің хабарлауынша, оттың тез тарауына ұйытқыған жел себеп. Мулга муниципиалитеті орман өртін сөндіруге арнайы бригада жіберілгенін мәлімдеді.

Ғалымдар Жерорта теңізі маңында мұндай апаттардың жиілеуіне климаттың мөлшерден тыс жылынуы себеп болды деп есептейді.

Хабарламаларға жазылу