Басты Жаңалықтар Түркия Сириямен арадағы шекарасына ұзындығы 700 шақырымға жететін қабырға құрылысын аяқтады

Түркия Сириямен арадағы шекарасына ұзындығы 700 шақырымға жететін қабырға құрылысын аяқтады

Қоршау «ДАИШ» экстремистері мен Күрдістан жұмысшылар партиясы содырларының елге кірмеуі үшін тұрғызылды. Енді шекарада бейнебақылау камералары орнатылып, сенсорлық аппараттар қойылады. Дрондар да қауіпсіздікті бақыламақ.

Ресми мәліметтер бойынша, Түркия алдағы уақытта Иранмен шекарада да қабырға салады. Себебі, содырлар Иранның солтүстік-батысындағы қоймалардан елге жарылғыш заттар мен қару таситын көрінеді. 

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Бөлісу