Алексей Навальный 30 тәулікке қамалды
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға «жаппай қарсылық акциясын ұйымдастыру тәртібін қайта бұзды», «полицияға бағынбады» деген айып тағылды. Ол 30 тәулікке қамалды. Полиция оппозициялық саясаткерді үйінің кіреберісінде ұстаған. Навальныйдің үндеуімен дүйсенбіде өткен коррупцияға қарсы шерулерде Мәскеу мен Санкт-Петербургтің өзінде 1000-нан астам адам қамауға алынды. Ресей астанасындағы наразылық акциясына 4,5 мыңдай адам қатысқан. Билік шерудің Сахаров алаңында өтуіне рұқсат еткен-ді. Алайда, ұйымдастырушылар адамдарды Тверской алаңына баруға үндеген. АҚШ демонстранттардың тұтқындалуын сынға алып, Ресей билігін оларды босатуға шақырды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір жылда Қазақстан экономика көлемі бойынша Португалия мен Финляндиядан озды
27.10.2026, 13:23
Жоғалды делінген 17 мың адам табылды
27.10.2026, 13:02
7 микроқаржы ұйымын лицензиясынан айырды
27.10.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі – біздің ең басты құндылығымыз»
27.10.2026, 10:45
«Бавария» шабуылшысы «Алтын доп-2026» жүлдесін жеңіп алды
27.10.2026, 10:12
Қазақы тазылардың көрмесі өтті
27.10.2026, 10:12
«Қазақстан объектив көзімен» көрмесі өтті
27.10.2026, 10:11
Қытайда тоғызқұмалақ федерациясы ашылады
27.10.2026, 10:09