Грекия мен Түркияда қуаты 6,3 баллдық жер сілкінісі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекия мен Түркияда қуаты 6,3 баллдық жер сілкінісі болды

13.06.2017

Табиғи апаттан гректердің Лесбос аралында 1 адам мерт болған. Он шақты тұрғын жараланды. Зілзала эпицентрі Түркияның Измир қаласынан  84 шақырымда анықталды.  Әлеуметтік желі қолданушылары дүмпудің күллі Эгей теңізі аймағында сезілгенін жазып жатыр. Одан әсіресе, Лесбос аралындағы Пломари қаласы зардап шекті. Мұнда ғимараттар құлап, жолдарды басып тастаған. Мамандардың сөзінше, өңірде алдағы уақытта дүмпулер қайталануы мүмкін.  

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу