Тайваньда бірнеше рет жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайваньда бірнеше рет жер сілкінді

23.04.2024

Тайваньда кешелі бері ондаған мәрте жер сілкінді. Олардың қуаты шамамен 6,3 баллға жеткен. Одан ғимараттардың ішіндегі дүние-мүлік қозғалып, бір үй қисайған. Дүмпуді аралдың солтүстік, батыс, шығыс аудандары және ел астанасы Тайпэйдің тұрғындары сезген. Құрбандар туралы мәлімет жоқ. Айта кетсек, Тайваньда осыған дейін сәуірдің 3-де магнитудасы 7,2 баллдық жер сілкінісі болып, 14 адам қаза тауып, мыңнан астамы жараланған еді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу