Хатайда тағы жер сілкінді
Түркияның Хатай провинциясында тағы жер сілкінісі болды. Қуаты 5 баллдық дүмпу ошағы 9 шақырымнан аса тереңдікте тіркелген. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, бұл зілзаладан зардап шеккендер жоқ. Түркияда ақпанның 6-да болған қуатты жер сілкінісінің салдарымен күрес жалғасып жатыр. Ақпанның 20-да Сириямен шекарада қуаты 6,4 балдық тағы бір дүмпу болған еді.
Соңғы мәліметтерге сай, Түркиядағы жойқын апаттан қаза тапқандар саны 43 мыңнан асқан. Апатты аймақтардан 448 мың адам көшірілді. Зілзала кезінде құлаған үйлерді салуда құрылыс ережелері сақталмағаны анықталды. 564 адам бұл іске қатысты күдікке алынып, олардың 160-сы ұсталды.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты $40 млрд пайда әкелуі мүмкін
17.04.2026, 17:35
«SuperStar KZ» жобасына іріктеу жалғасып жатыр
17.04.2026, 17:33
«Кітап оқитын спортшы» жобасы басталды
17.04.2026, 17:30
Қазақстандық өнертабыс жаһандық байқауда үздік үштікке енді
17.04.2026, 17:27
Жас ғалымдар қазақ тілін ғылым тіліне айналдырғысы келеді
17.04.2026, 17:25
Алматыда дронмен зерттеу жүргізетін орталық ашылды
17.04.2026, 17:22
Ақмола облысындағы 6 ауыл жол азабын тартып келеді
17.04.2026, 17:20
Түркістан облысында канал жақтаулары опырылып жатыр
17.04.2026, 17:17