Катар билігі араб мемлекеттерімен дипломатиялық жанжалда өзінің ұстанымынан бас тартпайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Катар билігі араб мемлекеттерімен дипломатиялық жанжалда өзінің ұстанымынан бас тартпайды

09.06.2017

Катар билігі көршілес араб мемлекеттерімен дипломатиялық жанжалда өзінің ұстанымынан бас тартпайды және мемлекеттің саясатын өзгертпейді. Елдің Сыртқы істер министрі Мұхаммед Әбдел Рахман әл-Тани осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, шиеленісті әскери емес, дипломатиялық жолмен шешу қажет.  Әл-Тани Иран Катарға үш портын елге азық-түлік, су тасымалдау үшін қолдануды ұсынды деп мәлімдеді. Әзірге, Доха бұл ұсынысты қабылдамай отыр. Ал, бүгін-ертең елдің Сыртқы істер министрі Мәскеуге барып, әріптесі Сергей Лавровпен кездеспек.

Айта кету керек, осы аптада Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері тәрізді 9 мемлекет Катарды террористік ұйымдарға қолдау көрсетті деп айыптап, онымен дипломатиялық байланыстарды үзді.  Бұл елдер Дохамен әуе, теңіз қатынастарын да тоқтатты. 

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу