Басты Жаңалықтар Реджеп Ердоған биліктегі партияның төрағасы болды

Реджеп Ердоған биліктегі партияның төрағасы болды

Түркия елінде президент Реджеп Тайып Ердоғанның билігі күшейді. Бүгін ол «Ак парти» немесе Әділет және даму партиясының төрағасы болып сайланды. Оған депутаттардың 95 пайызы оң дауыс беріпті. Осылайша ол премьер-министр Бинали Йылдырымның орнын ауыстырды. Сондай-ақ, бұл лауазымға жалғыз оның кандидатурасы ұсынылған.

Айта кетейік, сәуірдің 16-да Түркияда Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдум өткен еді. Оның нәтижесі бойынша Түркия парламенттік республикадан президенттік республикаға ауыспақ.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Бөлісу