Басты Жаңалықтар Британияның бұрынғы қаржы министрі Джордж Осборн тілшілік қызметке кірісті

Британияның бұрынғы қаржы министрі Джордж Осборн тілшілік қызметке кірісті

Бүгін ол «Evening Standard» газетінің редакциясында журналист ретінде алғашқы жұмыс күнін өткізді.  Экс-министр Оксфорд университетінде студенттік журналда қызмет еткен. Экс-шенеуніктің бұл салада өзге ешқандай тәжірибесі болмаған. «Дегенмен, Осборнның ниеті мықты», дейді ардагер журналистер. Бұған қоса, оның экономика саласында білімі ұшан-теңіз, саясаттың ішкі иірімдерін жақсы біледі. 45 жастағы дипломат бір кездері Британияның ең жас қазынашылық канцлер лауазымын да иеленген еді. 

 

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ 

Бөлісу