Басты Жаңалықтар Ауғанстан қорғаныс министрі отставкаға кетті

Ауғанстан қорғаныс министрі отставкаға кетті

Ауғанстан қорғаныс министрі Абдулла Хабиби отставкаға кетті. Сонымен қатар, армия штабының қолбасшысы Қадам Шахим да қызметінен босатылды. Олардың орындарынан кетуіне Мазари-Шарифтегі әскери базаға жасалған сұмдық шабуыл себеп. Жұма күні армияның униформасын киген он шақты тәліп база ауласына кіріп, асханада отырған және мешіттен шығып келе жатқан жауынгерлерге оқ жаудырды. 140-тан астам сарбаз мерт болған. Кейбір мәліметтерге қарағанда, қаза тапқандардың саны 200-ге жуық. Қанды оқиғаға байланысты Ауғанстанда жексенбіде қаралы күн жарияланды.

Арыстан РЫСБЕК

Бөлісу