Түркия Жоғарғы сайлау кеңесі Конституциялық референдум нәтижесін қайта қараудан бас тартты
Түркия Жоғарғы сайлау кеңесі Конституциялық референдум нәтижесін қайта қараудан бас тартты. Ресми мәліметтерге қарағанда, оппозицияның апелляция туралы өтінішіне кеңестің 1 мүшесі оң дауыс беріп, 10-ы қарсы болған. Бұл шешімнен кейін Стамбулда жүздеген адам наразылық акциясын ұйымдастырды. Олар қолдарына Мұстафа Кемал Ататүрік суреттерін алып, президент Реджеп Тайып Ердоғанға қарсы ұрандатты. Бейбіт шеру кезінде 20 шақты адам ұсталған. Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 16-да Түркияда парламенттік биліктен президенттік басқару жүйесіне көшу туралы референдум өткен еді. Соның нәтижесінде Реджеп Тайып Ердоғанның шексіз билікке ие болуын халықтың 51 пайызы қолдап, 49 пайызы қарсы болған еді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00