Үндістанның Уттар-Прадеш провинциясындағы Этах ауданында жол апатынан 15 оқушы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанның Уттар-Прадеш провинциясындағы Этах ауданында жол апатынан 15 оқушы қаза тапты

19.01.2017
Үндістанның Уттар-Прадеш провинциясындағы Этах ауданында мектеп автобусы жүк көлігімен соқтығысып, 15 бала опат болды. Тағы 40 шақтысы жараланған. Тәртіп сақшыларының сөзінше, құрбандардың саны әлі де артуы мүмкін. Себебі, құтқарушылар машинадан балаларды әлі шығарып жатыр. Апат жүк көлігінің үлкен жылдамдықпен жүруі салдарынан болған.


Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу