Үндістанда тасқыннан 100-ден астам адам қаза тапты
Үндістанның солтүстігін жайлаған алапат тасқыннан соңғы 4 күнде 100-ден астам адам қаза тапты.
Елдің Уттар-Прадеш, Бихар штаттарында жаңбыр бірнеше күннен бері толастар емес. Соның салдарынан, жергілікті өзендер арнасынан тасып, лай көшкіні жүрді. Көшелерде көлік қозғалысы тоқтап, адамдарды эвакуациялау операциясы жүріп жатыр. Штатқа қатынайтын көптеген пойыздардың бағыттары өзгертілді. Соңғы тәуліктің өзінде мұнда 102 миллиметр жаңбыр жауған.
Синоптиктердің хабарлауынша, муссондық жауындар әлі бірнеше күнге созылады. Сондықтан, тұрғындарға қауіпсіз жерге көшіп, сақ болу ескертіліп отыр.
Жансая КАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін парашаңғышыларымыз сайысқа шығады
10.03.2026, 13:24
1218 адамға жәрдемақы мен әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалған
10.03.2026, 13:21
Жетісу облысындағы 469 дауыс беру учаскесі дайын
10.03.2026, 13:15
Жаңа Конституция – дамудың жаңа кезеңі
10.03.2026, 13:12
Трамп Таяу Шығыстағы соғыстың кешікпей аяқталатынын мәлімдеді
10.03.2026, 13:09
Республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды
10.03.2026, 13:06
Астананың күні күрт бұзылды
10.03.2026, 13:03
«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
10.03.2026, 13:00