Үндістанда 49 адам найзағай түсіп қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда 49 адам найзағай түсіп қайтыс болды

12.07.2021

Үндістанның солтүстігінде найзағай түсіп 49 адам қаза тапты. Оқыс оқиға елдің Уттар-Прадеш және Раджастхан штаттарында болған. Құрбан болғандардың 11-і жай түскен кезде Джайпур қаласындағы тарихи күзет мұнарасында селфи жасап тұрған. Олармен бірге болған туристердің кейбіреуі биіктен секіріп, түрлі жарақат алды. Ел үкіметі марқұмдардың туыстары мен жапа шеккендерге ақшалай көмек берілетінін мәлімдеді.

Ал, Жапонияның бірнеше аймағында толассыз жауған нөсер жаңбыр соңы су тасқынына ұласты. Елдің батысындағы Уннан қаласында 1 сағатта 100 миллиметр жауын-шашын түскен. Ауа райын бақылаушылар елдің солтүстік және батыс бөліктерінде сел жүруі мүмкін екенін ескертті. Осыған байланысты жергілікті билік тұрғындарды сақтық шараларын ұмытпауға шақырды.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу