Нидерландта пластик жол пайда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерландта пластик жол пайда болады

12.01.2017
IT компания өкілдері автокөлік трассасын пластикалық тақтайшаларды бір-бірімен бекіту арқылы төсейді. Бұл тақтайшалар кәдімгі пластик бөтелке, яғни, қалдықтарды қайта өңдеу арқылы жасалған.

Конструкцияның ортасына орнатылған арнайы тесік арқылы кабель, өзге де коммуникация жүргізіледі. Сондай-ақ, жаңбыр суы да жерге сол тесіктер арқылы сіңеді.

Жоба авторларының мәліметінше, өте жеңіл пластик жолды төсеу тез әрі көп қаражатты қажет етпейді.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу