Ақтауда шыны-талшықты бұйымдар өндіретін зауыт іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда шыны-талшықты бұйымдар өндіретін зауыт іске қосылды

27.10.2022

Ақтауда шыны-талшықты бұйымдар өндіретін зауыт іске қосылды. Кәсіпорын «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында орналасқан.

Инвестициялық жобаның құны 1 млрд 700 млн теңге. Зауытта шыны пластик ыдыстар мен оларды құрастыруға арналған желім шығарылады. Одан бөлек, ауыз су, сұйық отынды сақтауға арналған түрлі резервуарлар өндіріледі. Кәсіпорында 80 адам жұмыс істейді. Бірінші кезеңде аймақтағы мұнай-газ компанияларының тапсырысы қабылданып жатыр.

Бекбол Орынбасаров, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

Ертең екінші этапында шыны пластикалық құбырлар шығаратын болады. Ол кезде жұмыстың көлемі артатын болады. Және тағы да қосымша жұмыс күштері пайда болады. Сондықтан біздің экономикаға өңірдің емес жалпы республикаға да маңызы бар үлкен жобалардың бірі.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу