Беттің қисаюы неден пайда болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Беттің қисаюы неден пайда болады?

06.02.2016
Беттің қисаюы неден пайда болады?

Шеткі нерв жүйесінің кеселдерінде невриттердің алар орны ерекше. Өйткені, ол адамдарда көп кездесетін неврологиялық патологиялардың бірі.

Бұрынғы кезде нервтің қабынуынан неврит кеселі туындайды деп тұжырым жасалатын. Соңғы уақытта бұл пікір түбегейлі өзгеріске ұшырап, нервтің мұндай аурулары «невропатия», деп аталады.

Беттің қисаюы неден пайда болады? Шашты дұрыс кептіре білеміз бе? Бет-жақ невропатиясын емдеуде ине терапиясының маңызы қандай? Бұл сауалдарға жауап алғыңыз келсе, бүгін 10:05-те «Дауа» хабарын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу