АҚШ президенті Дональд Трамп күйеу баласын өзінің аға кеңесшілерінің бірі етіп тағайындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ президенті Дональд Трамп күйеу баласын өзінің аға кеңесшілерінің бірі етіп тағайындады

10.01.2017
35 жастағы Джаред Кушнер сауда және Таяу Шығыс елдерімен байланыс мәселелерімен айналыспақ. Оның да қайын атасы сияқты мемлекетті басқаруда тәжірибесі жоқ.

Бүгінде Кушнер Нью-Йорктің жылжымайтын мүлік нарығында кәсіппен айналысады. Ол Ақ үйдегі болашақ қызметі үшін еңбекақыдан және өзінің кейбір активтері мен шетелдік инвестициялардан бас тартпақ.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу