Түркия президенті өзінің күйеу баласын Қаржы министрі етіп тағайындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия президенті өзінің күйеу баласын Қаржы министрі етіп тағайындады

10.07.2018

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған өзінің күйеу баласы – Берат Албайракты Қаржы министрі етіп тағайындады. Осы жаңалықтан кейін түріктің ұлттық валютасы – лира долларға шаққанда бірден үш пайызға әлсіреді. Ал, Сыртқы істер министрі Ахмет Чавушоғлы мен Ішкі істер министрі Сүлеймен Сойлы сол лауазымдарын сақтап қалды. Штаб қолбасшысы Хұлұси Акар болса, Қорғаныс министрі атанды.

Мұның алдында Анкарада Ердоғанның ұлықтау рәсімі өтіп, онда 64 жастағы президент ант берді. Содан кейін Түркия ресми түрде президенттік республикаға айналып, парламенттік басқару жүйесінен бас тартып, премьер-министр лауазымын жойды. Түркия билігі ғасырға жуық уақыт бұрын Осман империясы құлағалы мұнша өзгеріске ұшыраған емес.

Оппозицияның ойынша, Ердоған осы реформа арқылы Ататүріктің зайырлы жолынан, Батыстың демократиялық құндылықтарынан және сөз бостандығынан бас тартып, авторитаризмге беттеп барады. Алайда, президент мұны жоққа шығарып отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу