Трамптың кеңесшісі Джаред Кушнер бақылауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамптың кеңесшісі Джаред Кушнер бақылауға алынды

26.05.2017

АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеу баласы, әрі кеңесшісі Джаред Кушнер Федералдық тергеу бюросының жіті бақылауында. Тергеушілердің пайымдауынша,  36 жастағы Кушнерде Трамп командасының Мәскеумен байланысына қатысты маңызды ақпарат бар.

Кушнердің қорғаушысы өз клиентінің құқық қорғаушыларымен толықтай ынтымақтасуға дайын екенін жеткізді. «Вашингтон посттың» хабарлауынша, Федералдық тергеу бюросын былтыр желтоқсанда Кушнер мен Трамптың бұрынғы кеңесшісі Майкл Флиннің Ресей елшісімен кездесуі қызықтырады. Соңғысы осы дауға қатысты қызметінен кеткен еді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу