Мосул дамбасы жүздеген мың адамға қауіпті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мосул дамбасы жүздеген мың адамға қауіпті

02.03.2016
Мосул дамбасы жүздеген мың адамға қауіпті
Ирактың Мосул қаласының дамбасы құласа, бір миллиондай адам қаза табуы мүмкін.

Ирактың Мосул қаласының дамбасы құласа, бір миллиондай адам қаза табуы мүмкін. Мұны жергілікті инженерлердің ескертуіне сілтеме жасап, Британияның «Гардиан» газеті хабарлады.

Биыл қар көп түскендіктен, дамбаның резервуарына жиналған су тиісті мөлшерден асуға жақын. Оның үстіне, 2014 жылы «ДАИШ» қарулы тобы басып алғалы, мұнда техникалық жабдықтар ауыстырылмаған немесе жөнделмеген. Сонымен қатар, стратегиялық кешенде 300 маманнан 30 адам қалыпты.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу